Жас музыканттардың 55-ші қалалық фестиваль-байқауы » Детская музыкальная школа № 8
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№8 балалар саз мeктебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 247-10-91
Есепші бөлімі:
+7(727) 247-10-79
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас музыканттардың 55-ші қалалық фестиваль-байқауы
31
январь
2022

Жас музыканттардың 55-ші қалалық фестиваль-байқауы

Алматы қаласы балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінде оқитын жас музыканттардың 55-ші қалалық фестиваль-байқауын өткізу ережесі


1. Жалпы ережелер

         1. Осы Балалар музыка мектептері мен өнер мектептері оқушыларының -жас музыканттардың қалалық фестиваль-байқауын қашықтықтан (бұдан әрі – Фестиваль-байқау) өткізу ережесі оны өткізудің мақсатын, міндеттерін және тәртібін анықтайды.

         2. Мақсаты: музыкалық дарынды білім алушыларды, дарынды балалар ұжымдарын дамыту және қолдау, олардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби бағдарлануын ынталандыру.

         3. Міндеттері:

         жас музыканттардың эстетикалық, гуманистік және патриоттық сезімдерін, әлемдік және отандық көркем мәдениет дәстүрлеріне жеке қызығушылығын тәрбиелеу;

         әр түрлі музыкалық аспаптарда балалардың орындаушылығын танымал ету, музыкалаудың ұжымдық нысандарын дамыту және жетілдіру, білім алушылардың өзін-өзі жүзеге асыру, қоғамдық тану үшін мүмкіндіктерін кеңейту;

         балалар музыка мектептері және балалар өнер мектептері оқушыларының   кәсіби дайындық деңгейін арттыру; 

         балалардың музыка өнері саласындағы шығармашылығын дамытуға ынталандыру ;

         классикалық, заманауи және халық музыкасына деген қызығушылықтарын арттыру.

       4. Фестиваль-байқау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің тапсырмасы бойынша қашықтықтан өткізіледі.

       5.     Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамын фестиваль-байқаудың  ұйымдастырушылары қалыптастырады және Алматы қаласының Білім басқармасы бекітеді

        6.      Байқаудың сайты: http://sites.google.com/view/55gor

2. Фестиваль-байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі

6. Фестиваль-байқау 2022 жылғы 21-25 ақпан аралығында  өткізіледі. Байқауға қатысушылар 2022 жылдың 14 ақпанына дейін

«55 Қалалық байқау» тақырыбымен detmusic8online@mail.ru электрондық поштасына ілеспе хат жолдайды

Фестивль-байқау 2022 жылдың 21-25ақпаны  аралығында өтеді. Фестиваль-байқауға қатысуға өтінімдер, сондай-ақ байқау жұмыстары

электронды түрде detmusic8online@mail.ru электрондық поштасына 2022 жылдың 14 ақпанына дейін қабылданады.


Хатқа қоса:

1) Қатысуға өтінім, қосымшаға сәйкес, қатысушылар туралы мәліметтер  (Тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, сынып, оқу атауы, тұрғылықты мекен жайы; білім беру ұйымының мекен жайы; телефон нөмірі) электронды word форматында және басшының қолы мен мөрі қойылған қосымша сканерленген нұсқасы;

2) қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттардың нұсқасы;

3)http://www.youtube.com  арнасында орналастырылған бейне материалға сілтеме жіберіледі

7. Фестиваль-байқаудың қорытындысы 2022 жылдың 28 ақпанында https://sites.google.com/viev/55gor сайтында орналастырылады.

8.Жеңімпаздардың дипломдары, марапаттау қағаздары, қатысушылардың сертификаттары, жеңімпаздар жетекшілерінің алғыс хаттары білім беру ұйымдарына 2022 жылдың 31наурызына дейін жіберіледі.


3. Фестиваль-байқауға қатысушылар

8. Фестиваль-байқауға дербес балалар музыкалық мектептерінің, сондай-ақ оқушылар сарайлары, оқушылар үйлері жанындағы мектептердің және балалар өнер мектептерінің қазақ халық және орыс аспаптар (домбыра, тенор, қобыз прима, қыл қобыз, жетіген, шертер, баян, аккордеон, домра, балалайка, гитара) сыныбы бойынша білім алушылары –солистері мен ансамбльдері қатысады.  

9. Музыкалық ұжым құрамында 1 педагог қатыса алады 


4. Фестиваль-байқаудың шарттары 

10. Фестиваль-байқаудың  іріктеу кезеңдері 2 кезеңнен тұрады:

1) бірінші кезең (іріктеу)мектепаралық 

2) екінші кезең (қорытынды) қалалық

11. Фестиваль-байқаудың  бірінші (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімі білім беру ұйымы басшыларының бұйрықтарымен айқындалады.

12. Қазақ халық және орыс халық аспаптар оқушыларының қалалық фестиваль- байқауы келесі жас санаттары бойынша өткізіледі:

1) кіші жас тобы – 7 жастан-10 жасқа дейін;

2) орта жас тобы – 11жастан 13 жасқа дейін;

3) жоғары жас тобы – 14жастан 17жасқа дейін.

Қатысушылардың жасы ағымдағы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша айқындалады.

13. Кіші жас тобындағы  қатысушыларға қойылатын байқаудың бағдарламалық талаптары музыка мектебінің III сынып оқушыларына, орта жас тобында – IV сыныптан төмен емес, жоғары жас тобында – V сыныптан төмен емес оқушыларға қойылатын бағдарламалық талаптардан төмен болмауы тиіс.

14. Фестиваль-байқаудың  ансамбль құрамына  жоғары сынып оқушылары қатыса алады.

Бұл ретте жоғары топтың солисті ретінде әрекет ететін тұлғалардың ансамбльге қатысуына рұқсат етіледі. Қатысушылардың жалпы саны тапсырыста берілген нормалардан аспауы керек.

Музыкалық ұжым ансамблінде дирижер немесе орындаушы (концертмейстер) ретінде 1 оқытушының қатысуына рұқсат етіледі.

15. Фестиваль-байқауға қазақ халық және орыс халық аспаптардың солистері http://www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалға сілтемені detmusic8online@mail.ru электрондық поштаға ұсынады.  Бейнежазба сапалы, бір роликпен тоқтаусыз жазылуы керек. Тур үшін, бұл ретте орындаудан бөлуге және "кесуге" жол берілмейді. 

Дайын бірыңғай тоқтаусыз  алдыңғы жағынан   түсірілген  бір ғана видео пайдалануға рұқсат етіледі, ол жерде  орындаушының түрі (бет-әлпеті)және қолдары анық көрініп тұруы керек.

16. Фестиваль-байқауды кәсіби қазылар алқасы 10 балдық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі  хаттамамен рәсімделеді.

5. Фестиваль-байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

17. Фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша қазыларалқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар Гран-при, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Фестиваль-байқаудың барлық қатысушыларына байқауға  қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.

Сондай-ақ, келесі номинациялар бойынша қосымша марапаттар болады: «Сахналық шеберлігі үшін», «Жарық жұлдыз», «Өнерді сүйгені үшін», «Әртістігі үшін».

    Жүлделерді жеңімпаз немесе жеңімпаз ұжымның жетекшісі Алматы қаласы, Тәтібеков көшесі, 89 мекен-жайы бойынша орналасқан №8 БММ-нен алып кете алады. .

Жүлдеге қол қоюға қабылдау актісі қоса беріледі.

Ақпарат алу үшін телефон: +7 701 299 6560