Фестиваль-байқау!
Балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың республикалық фестиваль-байқауын
өткізу ережесі
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы 56-шы қалалық Жас музыканттар фестиваль-байқауы Алматы қаласы өнер мектептерінің Балалар музыка мектептері мен музыка бөлімшелерінің оқушылары конкурсын (бұдан әрі - Фестиваль – конкурс) өткізу қағидалары өткізудің және қаржыландырудың мақсатын, міндеттерін, тәртібін айқындайды және 56-шы Республикалық Жас музыканттар фестиваль-байқауын өткізу қағидаларымен айқындалады.
Фестиваль-байқаудың мақсаты:
оқушылардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, олардың орындаушылық шеберлігін арттыру, қазіргі қоғамда музыкалық шеберлікті насихаттау, музыкалық өнер мен білім берудегі жаңа прогрессивті тенденциялар бар классикалық дәстүрлердің өзара әрекеттесуін іздеу, балалар музыкалық мектептері мен өнер мектептерін дамыту, олардың білім берудегі, оқытудағы және шығармашылықтағы рөлін арттыру
білім алушылардың жеке тұлғасын дамыту.
1. Фестиваль-байқаудың міндеттері:
1) музыкалық өнердің жоғары көркемдік үлгілері негізінде жас музыканттардың рухани-адамгершілік дамуы, білім алушылардың танымдық қызығушылықтары мен эмоционалдық қабылдауын қалыптастыру;
2) жас орындаушы музыканттардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы және олардың мәдениет саласындағы әлеуметтік бейімделуі үшін жағдайлар жасау;
3) қаланың білім беру мекемелері арасында тығыз шығармашылық байланыстар орнату, орындаушылық және педагогикалық тәжірибе алмасу;
4) 4) жас музыканттардың орындаушылық шығармашылыққа деген қызығушылығын жандандыру, одан әрі қолдау мақсатында дарынды балалардың жаңа есімдерін анықтау және олардың шығармашылық белсенділігі мен кәсіби бағдарлануын ынталандыру;
5) балаларды іс-шараларға тарту арқылы оларды қосымша біліммен қамтуды ұлғайтуға жәрдемдесу.
Конкурсты Алматы қаласы білім басқармасы ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім Комитетінің 2023 жылы республикалық бюджет есебінен жоспарланған республикалық мектептен тыс іс-шараларды өткізу қағидалары туралы хатына сәйкес өткізеді. Байқаудың қазылар алқасы құрамын, Алматы қаласының білім басқармасы қалыптастырады. Конкурсты ұйымдастырушылар, ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.
2 тарау. Фестиваль-байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
1. Фестиваль-конкурс қашықтықтан өткізіледі.
2. Қатысу үшін http://www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалға сілтемелер жіберіледі
2023 жылғы 16-17 ақпан аралығында- фортепиано бөлімшелерінің солисттері мен оқушыларын тыңдау.
2023 жылғы 18 ақпан-хор ұжымдарын тыңдау
2023 жылғы 25 ақпанда сағат 15.00-де - М.Төлебаев атындағы №5 БММ базасында конкурстың жабылуы.
2023 жылдың 10 ақпанына дейін music8@mail.kz электрондық пошта арқылы қатысуға өтінімдер қабылданады.
Қағаз түріндегі өтінімдер, 2023 жылдың 10 ақпанына дейін, білім беру ұйымы директорының мөрі мен қолы қойылған түрде, Абай көш.54а (№5 БММ) мекен жайы бойынша қабылданады
1) қатысушы солисттердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;
2) хор ұжымдары қатысушыларының тізімдері және қатысушылардың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері
3 тарау. Фестиваль-байқауға қатысушылар
1. Байқауда Алматы қаласының музыкалық мектептері мен өнер мектептерінің, «фортепиано» бөлімінің білім алушылары мен хор ұжымдары қатысады.
2. Фестиваль-байқау өтетін жерге барар жолда, іс-шараны өткізу кезінде және тұратын жеріне қайтар жолда балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік қатысушының жетекші педагогына және хор ұжымының басшысына жүктеледі.
4 тарау. Фестиваль-байкаудың шарттары мен тәртібі
1. Қалалық Фестиваль-конкурс республикалық конкурстың екінші, қорытынды кезеңіне қатысу үшін бірінші, іріктеу кезеңі болып табылады
2. Қалалық конкурстың қазылар алқасының хаттамасы негізінде, білім басқармасының балалардың республикалық конкурсқа қатысуы туралы бұйрығы шығарылады.
3. Қалалық конкурстың қазылар алқасының шешімі түпкілікті және өзгертілмейді.
4. Қалалық пианистер байқауы келесі жас санаттары бойынша өткізіледі:
1) кіші жас тобы-7-9 жас;
2) орташа жас тобы-10-12 жас;
3) ересек топ-13-17 жас.
Қатысушылардың жасы 2023 жылдың 1 наурыздағы жағдайы бойынша анықталады.
1. Кіші жастағылар тобының қатысушыларына қойылатын бағдарламалық талаптар музыка мектебінің V сынып білім алушыларына арналған бағдарламалық талаптардан төмен болмауы керек, орта жастағы топтар үшін VI сыныптың, ересек жастағы топтар үшін VII сыныптың бағдарламалық талаптарынан төмен болмауы керек.
2. Кіші және орта жастағылар тобында байқау 1 кезеңде, ересек жастағылар тобында 2 кезеңде өткізіледі. ІІ кезеңге қатысушылардың жартысынан аспайтын саны өтеді.
3. Қатысу үшін http://www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалға сілтемелер жіберіледі
4. Бейне сапалы, тоқтаусыз бір роликпен жазылуы керек. Әр түрлі қойылымдардан «кесуге» жол берілмейді. Кіші және орта топ үшін бір сілтеме, үлкен топ үшін екі турға екі сілтеме болуы керек. Бейне үшін жалпыға қол жетімділік немесе сілтеме арқылы қол жетімділік орнатылуы керек. Роликтің атауында қатысушының аты-жөнін немесе ұжымның, мектептің атын көрсетіңіз. Сипаттамада орындалатын бағдарламаны көрсетіңіз. Қатысушы конкурс аяқталғаннан кейін алты ай ішінде бейнені жоймауға немесе өзгертпеуге міндеттенеді.
5. Қатысушылардың разнарядына сәйкес «Фортепиано» бөлімшелерінде оқитын жас музыканттардың республикалық конкурсына 8 қатысушы жіберіледі.
6. Қалалық байқаудың кезеңінде хор ұжымдарының кіші жас, орта жас және үлкен жас білім алушылары қатысады.
Кіші жас және орта жас хор қатысушыларының саны 35 адамға дейін.
Үлкен жас хорының қатысушылар саны-25 адам.
Шығарманы орындау уақыты 15-20 минут.
Конкурстың республикалық кезеңіне 1 үлкен жас хор ұжымы (25 адам) жіберіледі.
Хор ұжымдарының құрамында фестиваль-байқауға дирижер және концертмейстер ретінде педагогтердің қатысуына жол беріледі.
5 тарау. Фестиваль байқауға қатысушыларды марапаттау
Конкурс жеңімпаздары Гран-При, 1, 2, 3 дәрежелі лауреаттар дипломдарымен марапатталады. Жүлделі орындарға ие болмаған конкурсқа қатысушыларға қатысқаны үшін дипломдар беріледі. Қалалық конкурс жеңімпаздарының педагогтары мен концертмейстерлеріне конкурс лауреаттарын дайындағаны үшін Алматы қаласы білім басқармасының грамоталары тапсырылады.
6 тарау. Фестиваль-байқауды қаржыландыру
Байқаудың қалалық кезеңін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады.
БАЙҚАУДЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ
Кіші жастағылар тобы (фортепиано сыныбы)
1. И.С. Бах – Екі дауысты инвенциялар.
2. Сонатина немесе вариация – Клементи, Кулау, Гайдн, Моцарт, I бөлім немесе II және III бөлім.
3. К. Черни этюді (ред. Гермера) II бөлім немесе виртуозды пьеса.
4. Қазақстандық композитордың пьесасы.
Ортаңғы жастағылар тобы (фортепиано сыныбы)
1. И.С. Бах «Екі дауысты инвенция» немесе И.С. Бах «Үш дауысты инвенция» немесе прелюдия және фуга «Жақсы темперирленген клавир» (таңдау бойынша).
2. Черни этюді, 299 немесе 740 шығарма (таңдау бойынша), М. Мошковский этюді немесе виртуозды пьеса.
3. Көлемді форма: Й. Гайдн, В. Моцарт, Л Бетховен, I бөлім немесе II және III бөлім.
4. Қазақстандық композитордың пьесасы.
Ересек жастағылар тобы (фортепиано сыныбы)
1 кезең
1. И.С. Бах. «Жақсы темперирленген клавир» прелюдия және фуга (таңдау бойынша) немесе үш дауысты инвенция (таңдау бойынша).
2. Көлемді форма: Й. Гайдн, В. Моцарт, Л. Бетховен, I бөлім немесе II және III бөлім.
3. Этюд:
а) Черни, ор. 299 т. 4, 5, 6, ор. 740 (таңдау бойынша).
б) М. Мошковский (таңдау бойынша).
в) Ф. Лист. Ф. Шопен.
2 кезең
1. Виртуозды пьеса.
2. Қазақстандық композитордың пьесасы.
Хор ұжымдары
Қатысушылардың 10% -ы аталған жастан аспаған болуы керек
Кіші жас топ қатысушылары , қоса алғанда 7-9 аралығын құрайды
1. Қазақстан композиторларының шығармалары (қазақ тілінде) немесе қазақ халық әні;
2. Халық әні немесе классикалық шығарма;
3. Қазіргі заман композиторларының шығармалары;
4. Таңдау бойынша шығарма
Жалпы хор
Арнайы хор
Шығарманың біреу а´cappella (унисон немесе канон);
Орындаудың таза уақыты - 10 минуттан аспауы қажет
*) шығарманың біреуі а´cappella (унисон немесе канон),
*) Орындаудың таза уақыты - 10 минуттан аспауы қажет
Орта жас тобы (қоса алғанда 10 -12 жас аралығы);
1. Қазақстан композиторларының шығармалары (қазақ тілінде) немесе қазақ халық әні;
2. Орыс классика шығармалары немесе хорға өңделген орыс халық әндері;
3. Шетелдік классика шығармалары немесе хорға өңделген әлем халықтарының әні
4. Таңдау бойынша шығарма
Жалпы хор
Арнайы хор
*) Шығарманың біреу а´cappella (унисон немесе канон);
*) Орындаудың таза уақыты - 15 минуттан аспауы қажет
*) 3 дауысты элементтері бар 2 дауысты шығарма
*) Бір шығарма а´cappella
*) Орындаудың таза уақыты - 15 минуттан аспауы қажет
Үлкен жас тобы (13-17 жас аралығы).
1. Қазақстан композиторларының шығармалары (қазақ тілінде) ;
2. Хорға өңделген халық әні;
3. Хорға өңделген классикалық шығарма;
4. Таңдау бойынша шығарма
Жалпы хор
Арнайы хор
*) 3 дауысты элементтері бар, 2 дауысты шығарма;
*) Бір шығарма а´cappella;
*) Орындаудың таза уақыты - 15 минуттан аспауы қажет
*) 4 дауысты элементтері бар 3 дауысты шығарма
*) 2 шығарма–a'cappella
*) Орындаудың таза уақыты - 20 минуттан аспауы қажет