«БАЛАЛЫҚ ШАҚ ӘЛЕМІ ҚАНДАЙ ҒАЖАП!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЛЕШМОБЫ

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында 29-30 мамыр күндері республиканың білім беру ұйымдарының оқушылары «Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» екі күндік флешмобына қатысады.

«Балалық шақ әлемі қандай ғажап!» Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған флешмобы Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен өткізіліп отыр.

Флешмоб мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын, отбасылық дәстүрлерін сақтау, балалар шығармашылығын дәріптеу.

Флешмобқа біздің мектебіміздің жас бүлдіршіндері де белсенді қатысуда.